Шығыс Қазақстан облысында аумақтарды дамыту бағдарламалары аясында 15 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды
Аталған елді мекендердің проблемалары мен даму перспективаларын анықтау мақсатында облыста талдау жүргізіліп, нәтижесінде халықтың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша Кешенді жоспар әзірленді. Бүгін облыстық мәслихаттың сессиясы барысында облыс әкімі Даниал Ахметов бағдарламалардың екі жылдық жұмысының қорытындысына тоқталды.
Өздеріңіз білетіндей, шекаралас аудандар мен бұрынғы облыс орталықтарында орасан зор резервтер, экономикалық және кадрлық ресурстар бар, оларды дамыту сонда тұратын азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға, сондай-ақ оларды инвестиция үшін де, жас мамандар үшін де тартымды етеді.
– Қытай Халық Республикасымен шекаралас жатқан өңірлер үшін жалпы көлемі 183 миллиард теңгені құрайтын 2020-2024 жылдарға арналған Кешенді жоспарлар қабылданып, оның 43 миллион теңгесі 2021 жылы орындалды. Ағымдағы жылы өңірлерді бөлуді есепке алғанда 44 млрд.теңге, – деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.
Бұл ретте, бұрынғы аудан орталықтарын дамытудың 2021-2024 жылдарға арналған бағдарламасында 43 млрд теңге қарастырылған, оның ішінде өткен жылы 14 млрд теңгенің жобалары, биыл 8 млрд теңге қаржыландырылған.
Осылайша, бағдарламаларды жүзеге асырудың қысқа мерзімі ішінде 15 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды, жалпы ауданы 18,8 мың шаршы метрді құрайтын 9 спорт нысаны, 3 көппәтерлі және 102 жартылай жеке тұрғын үй салынды, 284 шақырым су құбырлары тартылып, 156 әлеуметтік нысан, сондай-ақ 450 шақырым жолдар мен көшелер жөнделді.
В комментариях запрещены ненормативная лексика и оскорбления, высказывания, нарушающие нормы законодательства РК, реклама, комментарии, набранные ЗАГЛАВНЫМИ буквами. Оставляя комментарий, вы соглашаетесь с тем, что можете быть привлечены к ответственности в соответствии с законодательством РК, а также даёте свое согласие на сбор и обработку ваших персональных данных.