Шқо тұрғындарына мүлік салығын төлеу мерзімін еске салды
ӨКҚ алаңында ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (МКД) қала тұрғындарына 2021 жылға жеке тұлғалардан мүлік және жер салығын мерзімінде төлеу қажеттігін ШҚО МКД түсіндіру жұмысы басқармасының бас маманы Жанар Айтжанованың қатысуымен өткен брифингте айтып өтті.
Онда 2021 жылы Шығыс Қазақстан облысында жалпыға бірдей декларациялаудың қорытындысы туралы айтып өтті. Өткен жылдың бірінші кезеңінде 58 959, оның ішінде Абай облысы бойынша 28 451 мемлекеттік қызметші және оларға теңестірілген адамдар жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсырыпты. Кірістері мен мүлкі туралы декларацияны осы жылы қандай тұлғалар тапсыруға міндетті деген журналистердің сауалына Жанар ханым былайша жауап берді.
«Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары), мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары), мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары), "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Сақтандыру қызметі туралы",
"Бағалы қағаздар нарығы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларацияны табыс ету міндеті жүктелген адамдар. Сондай-ақ, егер салық декларациясы мерзімінде берілмесе,
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексінің 272-бабының 1-тармағы бойынша онда салық органдары бірінші рет ескертумен шектеледі. Ескерту шығарылғаннан кейін бір жыл ішінде жеке тұлға тарапынан қайталап бұзушылық орын алған жағдайда "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы"ҚР Кодексінің 272-бабының 2-тармағы бойынша он бес АЕК мөлшерінде айыппұл салынады, бұл бүгінгі күні 45 945 теңгені құрайды»,- деп атап өтті ШҚО МКД түсіндіру жұмысы басқармасының бас маманы. Айта кетейік 9 қыркүйектегі жағдай бойынша 51 040, оның ішінде Абай облысы бойынша 24 839 азамат өз міндеттерін орындап, декларация тапсырған. Төлемді Мемлекеттік кірістер комитетінің e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы арқылы (App Store және Play Market жүктеуге болады) немесе мобильді банктік қосымшалар арқылы жасауға болады. Ал Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2022 жылдың 15 қыркүйегіне дейін 270.00 нысандағы жеке тұлғаның 2021 жылға электронды түрде тапсырылған табыстары мен мүлкі туралы декларацияны тапсырудың соңғы күні екенін еске салады.
В комментариях запрещены ненормативная лексика и оскорбления, высказывания, нарушающие нормы законодательства РК, реклама, комментарии, набранные ЗАГЛАВНЫМИ буквами. Оставляя комментарий, вы соглашаетесь с тем, что можете быть привлечены к ответственности в соответствии с законодательством РК, а также даёте свое согласие на сбор и обработку ваших персональных данных.