19 Июля 2022 09:56:00

Адамға фейк пен когнитивті бұрмаланулардың әсері

0 КОММЕНТАРИЕВ

Кейде біз мінез-құлқымыз бен дүниетанымымызды анықтайтын когнитивті бұрмаланулар деп аталатын ойлау қателіктеріне тап боламыз. Олар адам бойында жағымсыз сезімдер мен эмоцияларды тудырады. Мұнымен көбінесе фейк жаңалықтарды оқу барысында тап боламыз, өйткені олар жағымсыз эмоцияларды тудырады. Ми жағымсыз ынталандыруларға сезімтал және айтылған шындықтан қарағанда жалған ақпаратты жылдам қабылдағандықтан қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін, сондықтан соңғы жаңалықтар сенімді baq.kz порталынан оқуыңызға болады.

Когнитивті бұрмаланулардың негізгі түрлері

Қазіргі таңда адамды депрессияға ұшырататын когнитивті бұрмаланулардың үш негізгі түрі белгілі: 

  • өзін жаман адам деп санайды, өзін және өмірін құнсыздандырады; 
  • басқа адамдарға теріс көзқараспен қарайды;
  • басқалар оны бағаламайды және оған тиісті көңіл бөлмейді деп санайды;
  • оның өмірі ешқашан жақсы жаққа өзгермейді деп ойлайды.

Әдетте адамдарда когнитивті бұрмаланулар әріптестерінің, достарының және таныстарының жетістіктеріне қатысты олардың жетістіктерінің құнсыздануымен байланысты болады. 

Когнитивті бұрмаланумен күрес фейктерді тануға көмектеседі 

Қазіргі жағдайда когнитивті бұрмаланудың пайда болуы біздің миымыздың табиғи реакциясы болып табылады. Біз когнитивті бұрмаланудың әсерінен жалған жаңалықтарға сеніп және таратуымыз мүмкін. Мидың жалған жаңалықтарға сенуінің бірнеше себептері бар:

  • жаңалықтың тақырыбы негізінде тез әрекет ету немесе қорытынды жасау;
  • көп жағдайда жаңалықтың тақырыбынан әрі қарай толық мәтінді оқымау;
  • қол жетімді ақпаратты бірнеше рет оқыған сайын, оның ақпаратқа деген сенімнің арта түсуі;
  • кейбір адамдардың қоршаған ортада үміттеріне сәйкес келетін элементтерге назар аударып, қалғанын елемеуге бейім келуі.

Сондықтан келесі жолы хабарламаны басқа адамдарға жібермес бұрын когнитивті бұрмаланулар сізге әсер етпей тұрғанын ойланып көріңіз, сонымен қатар ақпараттың қаншалықты шыңдыққа ұласатынын тексеріп көріңіз.

Источник: yk.kz
Хотите узнавать информацию о жизни Усть-Каменогорска первыми? Подписывайтесь на наш Telegram-канал.