Шығыс Қазақстан облысының білім беру нысандарының дайындығы санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес келеді
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Слямғазина айтты.
Білім беру нысандарын жаңа оқу жылына сапалы дайындау мақсатында ШҚО ДСЭК мамандары жергілікті әкімдіктермен және білім басқармаларымен бірлесе отырып, белгілі бір ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, анықталған бұзушылықтарды жою бойынша бұрын берілген нұсқамалардың орындалуын бақылау барысында мектептердің дайындығы бағаланды.
– Облыстың барлық мектептері жанаспайтын термометрлермен, бактерицидтік шамдармен, дезинфекциялық төсеніштермен, дезинфекциялық және сабын және жуғыш құралдармен толық қамтамасыз етілген, рециркуляторлар жеткілікті, ал қолжуғыштар дезинфекциялық құралдармен, сұйық сабын диспенсерлерімен, электрлік немесе бір рет қолданылатын гигиеналық сүлгілермен жабдықталған. Мектептерде білім беру санитарлық және эпидемияға қарсы шараларды сақтай отырып ұйымдастырылады, деді Сәуле Слямғазина.
Баспасөз мәслихатының соңында ДСЭҚ бастығының орынбасары медициналық ұйымдар бастауыш сынып оқушыларының энтеробиоз және гименолепидоз ауруларына сыныптарды қалыптастыру кезінде тек эпидемиологиялық және клиникалық көрсеткіштер бойынша тексеру жүргізетінін еске салды.
В комментариях запрещены ненормативная лексика и оскорбления, высказывания, нарушающие нормы законодательства РК, реклама, комментарии, набранные ЗАГЛАВНЫМИ буквами. Оставляя комментарий, вы соглашаетесь с тем, что можете быть привлечены к ответственности в соответствии с законодательством РК, а также даёте свое согласие на сбор и обработку ваших персональных данных.