В ВКО прошел XII Республиканский фестиваль "Жайдарман"
Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 18 қыркүйегінде Ұлан ауданының орталығы Қасым Қайсенов кентінде Шығыс Қазақстан облысы әкімі кубогіне арналған XII Республикалық «Жайдарман» фестивалі өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты шалғайдағы ауылдық округтерден шыққан шығармашыл жастарды қолдау, рухани дамыту және жастар арасында мәдени құндылықтарды насихаттау, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру және жастардың бос уақытын ұйымдастыру болып табылады.
Аталған фестивальге Павлодар, Абай облысынан, ШҚО қалалары мен аудандарынан барлығы 8 команда қатысты. «Президентіміз өзінің Қазақстан халқына Жолдауында жастар мәселесіне ерекше тоқталып, қолдау көрсетілетінін айтқан еді. Дана халқымыз «бұлақ көрсең, көзін аш» дегендей, талантты жастарды танып, оларды қолдау мақсатында Ұлан ауданының орталығы Қасым Қайсенов кентінің мәдениет үйінде «Жайдарман» фестивалін өткіздік. Қатысушылар жоғары дайындықпен келгені байқалады» деді ШҚО жастар ресурстық орталығы басшысының міндетін атқарушы Данияр Жүнусов.
«Жайдарман» фестивалінің қорытындысы бойынша төрешілердің шешіміне сәйкес, бірінші орын мен 100 мың теңге Ұлан ауданының «Элегант» командасына бұйырды. Екінші орын 70 мың теңге Павлодар қаласынан келген «Моно» командасы иеленді. Үшінші орынды 50 мың теңге сыйлыққа Семей қаласынан келген «Қарағайлы 34» командасы лайық деп танылды. Барлық қатысушылар алғыс хаттарға ие болады, сондай-ақ 1,2,3 дәрежелі дипломдар мен марапатталды. Бұдан бөлек, «Үздік ойыншы» номинациясы бойынша 30 мың теңге Катонқарағай ауданының «Швейцария» командасының капитаны Ернұр Мамырбековке берілді. Ұлан ауданы әкімінің арнайы 50 мың теңге ақшалай сертификатын Өскемен қаласының «Айдай» атты командасына табыс етілді.
В комментариях запрещены ненормативная лексика и оскорбления, высказывания, нарушающие нормы законодательства РК, реклама, комментарии, набранные ЗАГЛАВНЫМИ буквами. Оставляя комментарий, вы соглашаетесь с тем, что можете быть привлечены к ответственности в соответствии с законодательством РК, а также даёте свое согласие на сбор и обработку ваших персональных данных.