ШҚО-да 29 азамат улы газ хабарлағышы арқылы құтқарылды

ШҚО ТЖД мамандары атап өткендей, уланудың ең көп саны пештерді пайдалану кезінде қарапайым ережелерді сақтамау салдарынан болады. Аймақта зардап шеккен 9 адамның 6 - ы пештерде ыстың болуы себебінен, 2 – уі тазаланбаған түтіндіктен және 1-уі тартылыстың болмауынан тіркелген. Оқиғаның барлығы тұрғындар ұйықтап жатқан кезде болған. Сондықтан улы газ хабарлағышын қолдану қорғаудың ең тиімді тәсілдерінің бірі. ШҚО ТЖД соңғы үш жылда үйлерге орнатылған сигнализаторлар 29 азаматтың, оның ішінде 23 баланың өмірін сақтап қалуға көмектескенін атап өтті.
2022 жылы Глубокое ауданының Белоусовка ауылында үйде өрт басталды. Үй иесі түтінді байқаған кезде бақта болған еді. Ол 6 баласы ұйықтап жатқан тұрғын үйге қарай жүгірді. Құтқарушылар бұрын орнатқан датчиктің дыбысын естіген 3 бала оянып, тағы үшеуін анасы уақытында оятып, жанып жатқан үйден алып шыққан.
"Сол күні дәл осы хабарлағыш біздің отбасымызды құтқаруға көмектесті. Ол дабыл берді, біз түтін шыққан үйді тастап кеттік. Барлығы тірі және зардап шеккен жоқ", - деп еске алады көп балалы ана Наталья Гутова.
Ұлан ауданы Таврия ауылында екі жыл бұрын датчик 5 баланы құтқарды. Үй көміртегі газына толған кезде хабарлағыш "дауыс берген". Бұл отбасына реакция жасап, дер кезінде сыртқа шығуына мүмкіндік берді. Мұның себебі түтіннің шығуына кедергі келтіретін металл құбырда пайда болған мұз болды, бұл қауіпті газдың шығуына кедергі келдірген болатын.
"ТЖ қызметі мамандарының жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен және кәсіпорындармен жұмысының арқасында жыл сайын мүгедектер, көп балалы және аз қамтылған отбасылар, жалғыз басты қарт азаматтар тұратын әлеуметтік қорғалмаған отбасыларда құтқару хабарлағышын орнату іске асырылады. Ағымдағы жылы жылыту кезеңінің алдында біз Шығыс Қазақстан аумағында тұратын осындай 3000 - нан астам отбасын хабарлағышпен қамтамасыз етеміз", - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Серік Амангелдин.
Улы газ датчиктері бүгінде кеңінен таралуда. Олардың көмегімен пештерді пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелері бұзылған жағдайда үй-жай толтырылуы мүмкін көрінбейтін және сезілмейтін улы газды үздіксіз бақылауды қамтамасыз етуге болады. Уытты заттардың рұқсат етілген концентрациясы жоғарылаған кезде улы газдың хабар беру тетігі іске қосылады және қауіп туралы хабардар ететін дыбыстық авариялық сигнал береді. ШҚО ТЖД алдын алуда ұсақ-түйектер жоқ екенін еске салады, мұнда әрбір ережені ескеру, жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін барлық тәсілдерді қолдану маңызды. Қысқы кезеңде пештерді пайдаланатын үйлердің иелері қазірдің өзінде бар бұзушылықтарды жою, түтіндіктерді тазалау, жарықтарды жою, пеш алдындағы табақтарды орнату және қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, пешті дұрыс жағу қажет.
В комментариях запрещены ненормативная лексика и оскорбления, высказывания, нарушающие нормы законодательства РК, реклама, комментарии, набранные ЗАГЛАВНЫМИ буквами. Оставляя комментарий, вы соглашаетесь с тем, что можете быть привлечены к ответственности в соответствии с законодательством РК, а также даёте свое согласие на сбор и обработку ваших персональных данных.