06 Сентября 2022 09:51:00

Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары өрттен зардап шеккендерге 35 тонна гуманитарлық көмек жинады

«АМАНАТ» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының гуманитарлық орталығында Қостанай облысының тұрғындары үшін 35 тонна арнайы көмек жиналды.
0 КОММЕНТАРИЕВ

– «АМАНАТ» партиясының облыстық филиалы мен 11 аумақтық филиалында 4 қыркүйектен бастап қабылдау пункттері ашылып, көмектер жинақталған. Барлық деңгейдегі депутаттардың, қамқор тұрғындардың, жастар қанаты белсенділерінің көмегімен қазір 35 тонна гуманитарлық көмек (азық-түлік, бірінші қажеттілік), сонымен қатар заттар мен тұрмыстық техника жиналды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда, – дейді «АМАНАТ» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының жауапты хатшысы Сайрангүл Жұмаділова.

Осылайша гуманитарлық орталыққа 14 тонна ұн, 5 тонна макарон, 10 тонна күнбағыс майы, 3 тонна ауыз су жиналды.

Басқарма жиналған көмектің бүгін түсте Қостанай облысына жөнелтілетінін атап өтті. Қаражат жинау жалғасуда.

Источник: yk.kz
Хотите узнавать информацию о жизни Усть-Каменогорска первыми? Подписывайтесь на наш Telegram-канал.
Комментарии
Владельцы сайта не несут ответственности за содержание комментариев читателей.
В комментариях запрещены ненормативная лексика и оскорбления, высказывания, нарушающие нормы законодательства РК, реклама, комментарии, набранные ЗАГЛАВНЫМИ буквами. Оставляя комментарий, вы соглашаетесь с тем, что можете быть привлечены к ответственности в соответствии с законодательством РК, а также даёте свое согласие на сбор и обработку ваших персональных данных.
Комментариев пока нет.
Только авторизованные пользователи могут оставлять комментарии