27 Сентября 2022 08:50:00

ШҚО Ұлан ауданында 20 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылуда

Шығыс Қазақстан облысының ақпараттық орталығында өткен брифингте Ұлан ауданының әкімі Ренат Құрмамбаев Ұлан ауданы бойынша ұлттық жобаларды іске асыру аясында 20 инфрақұрылымдық жоба іске асырылып жатқанын, онда 752 жұмыс орнын, оның ішінде 222 тұрақты, 530 уақытша жұмыс орнын құру жоспарланғанын хабарлады.
1 КОММЕНТАРИЙ

– Халықты жұмыспен қамтудың белсенді нысандарына жәрдемдесуге бағытталған іс - шаралар жоспарында іс жүзінде 367 адам жұмысқа орналастырылды. 1148 жаңа жұмыс орындары құрылды. Оның ішінде 647-тұрақты, 501-уақытша және маусымдық жұмыстар бар. Қажеттілік білім беру және денсаулық сақтау саласының мамандары бойынша байқалады,-дейді Құрманбаев мырза.

Сондай-ақ, ол өткен кезеңде 168 отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 43,5 млн.теңге төленгенін айтты. Тұрғын үй көмегі 87 отбасына 2,5 млн.теңге сомасында тағайындалды және төленді. Ауданның 1614 тұрғынына жалпы сомасы 52,2 млн.теңгеге материалдық көмек көрсетілді.

- Сонымен қатар, "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында Қасым Қайсенов кентінде 40 пәтерлі екі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Жоспар бойынша жұмыстар ағымдағы жылдың қараша айында аяқталады. "Бір қабатты Шығыс" бағдарламасы бойынша Мамай батыр, Таврия, Герасимовка және Сағыр ауылдарында 13 үй салынды. Қасым Қайсенов кентінде 9 екі пәтерлі үйдің құрылысы жүргізілуде, - деді Ұлан ауданының әкімі.

Сонымен қатар, Сағыр ауылында су құбырының құрылысы жалғасуда. Оны ағымдағы жылдың қараша айында аяқтау жоспарланып отыр. Пролетарка ауылында су құбыры желілерінің құрылысы басталды және І.Айтықов, Тайынты ауылдарында су құбыры желілерінің құрылысы бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде. Сондай-ақ, ауданның 6 ауылында жалпы сомасы 300 млн. теңгеге су тазарту станцияларын салу жоспарлануда.

Источник: yk.kz
Хотите узнавать информацию о жизни Усть-Каменогорска первыми? Подписывайтесь на наш Telegram-канал.
Комментарии
Владельцы сайта не несут ответственности за содержание комментариев читателей.
В комментариях запрещены ненормативная лексика и оскорбления, высказывания, нарушающие нормы законодательства РК, реклама, комментарии, набранные ЗАГЛАВНЫМИ буквами. Оставляя комментарий, вы соглашаетесь с тем, что можете быть привлечены к ответственности в соответствии с законодательством РК, а также даёте свое согласие на сбор и обработку ваших персональных данных.
УКдоб
УКдоб
27.09.2022 16:40
Өте керемет жаңалық! Шаруа қожалықты дамыту керек, қолдау керек.
0
Только авторизованные пользователи могут оставлять комментарии