Қараша айында қазірдің өзінде Қ.Қайсенов ауылында 40 пәтерлік екі тұрғын үй пайдалануға берілмек

Қазір құрылысшылар әрлеу, абаттандыру жұмыстарын жүргізуде. Аулаларда балалар кешендері орнатылады, көлік қоятын орындар қарастырылады. Ауылда 320 орындық жаңа мектеп салынып жатыр. Нысанның жеткізілуі – желтоқсанда.
– Өкінішке қарай, құрылысшылар жұмысты кешіктіріп жатыр, сондықтан мен құрылыс бөлімі мен аудан әкіміне маңызды нысанды тұрақты бақылауда ұстауды тапсырдым. Мерзімдерді бұзбау үшін мамандарды қосымша тарту қажет. Сондай-ақ, ендігі кезекте аудан әкімдігі тұрғын үйлер мен басқа да нысандардың құрылысын ескере отырып, ауылдағы қазандықтың мүмкіндіктерін есептеп беруі керек, – деді Даниал Ахметов.
Айыртау ауылында спорт кешенінің құрылысы аяқталуда. Жұмыс кестеге сай жүргізілуде. Аулада балалар мен спорт алаңдары орнатылады. Дәл осы спорттық-сауықтыру орталықтары шағын ауылдарда бой көтереді.
– Таврическое ауылында да спорт кешенінің құрылысы аяқталуда. Бір айта кетерлігі, оның мектеп пен стадионға жақын орналасуы ауыл тұрғындарының тек спортпен шұғылданып қана қоймай, мұнда спорт мектебінің іс-шараларын өткізуге мүмкіндік береді. Стадионның өзі мектептің меншігінде. Оның жабындысын жөндеуге сметалық құжат дайындалуда. Дегенмен, мектеп әкімшілігі де стадионның спорттық нысандарын қадағалап, тиісті жағдайда ұстауы керек. Жалпы, аудан әкімдігіне жергілікті мәдениет үйін, мектеп пен мәдениет үйін қосу мақсатында аурухананы жылытатын қазандықтың қуатын кеңейту жобасын дайындауды тапсырдым. Қазір бұл нысандар электр қуатымен қамтамасыз етілді, - деп қосты аймақ басшысы.
В комментариях запрещены ненормативная лексика и оскорбления, высказывания, нарушающие нормы законодательства РК, реклама, комментарии, набранные ЗАГЛАВНЫМИ буквами. Оставляя комментарий, вы соглашаетесь с тем, что можете быть привлечены к ответственности в соответствии с законодательством РК, а также даёте свое согласие на сбор и обработку ваших персональных данных.