Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында 20 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылуда
– Халықты жұмыспен қамтудың белсенді нысандарына жәрдемдесуге бағытталған іс-шаралар жоспары бойынша іс жүзінде 367 адам жұмыспен қамтылды, 1148 жаңа жұмыс орны ашылды, оның 647-сі тұрақты, 501-і уақытша және маусымдық. Білім және денсаулық сақтау саласының мамандарына қажеттілік байқалады, – дейді Ренат Құрмамбаев.
Сондай-ақ ол өткен кезеңде 168 отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 43,5 миллион теңге төленгенін қосты. Тұрғын үй көмегі 87 отбасына 2,5 млн теңге көлемінде тағайындалып, төленді. Ауданның 1614 тұрғынына жалпы сомасы 52,2 млн.теңгеге материалдық көмек көрсетілді.
– Сонымен қатар, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Қасым Қайсенов ауылында 40 пәтерлі екі несиелік тұрғын үй салынуда. Аяқтау ағымдағы жылдың қарашасына жоспарланған. «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша Мамай батыр, Таврический, Герасимовка және Сағыр ауылдарында 13 тұрғын үй салынды. Қасым Қайсенов ауылында 9 жартылай жеке тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр, – деді Ұлан ауданының әкімі.
Сонымен қатар, Сағыр ауылында су құбырының құрылысы жалғасуда, аяқтау ағымдағы жылдың қараша айына жоспарланған. Ауылға су құбыры желілерінің құрылысы басталды. Пролетарка және І.Айтықов, В.Тайнты ауылдарына су құбыры желілерін тарту бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде. Сондай-ақ облыстың 6 ауылында жалпы құны 300 млн теңгеге блокты-модульдік су тазарту станцияларын орнату жоспарлануда.
В комментариях запрещены ненормативная лексика и оскорбления, высказывания, нарушающие нормы законодательства РК, реклама, комментарии, набранные ЗАГЛАВНЫМИ буквами. Оставляя комментарий, вы соглашаетесь с тем, что можете быть привлечены к ответственности в соответствии с законодательством РК, а также даёте свое согласие на сбор и обработку ваших персональных данных.